GREENWORLD.KZ
Түрік әуе компанияларының орындауымен Түркістаннан Ыстамбұлға бағытталған жаңа әуе рейсі ашылмақ. Сонымен қатар, Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы әуе рейсі өз жұмысын қайта жандандырады.
— Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан-Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, — деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Turkish Airlines «әуе компаниясы Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағытындағы рейсті 22 мамырдан бастап ашуды жоспарлап отырса, «Pegasus» әуе компаниясы Шымкент-Ыстамбұл әуе рейсінің жұмысын 22 мамырдан қайта бастамақ. Бастапқы кезеңде аптасына бір рейс орындалады. Ал эпид-ахуал тұрақтанса рейстер саны кезең-кезеңімен көбейетін болады. Рейстер аталған әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып орындалады.
Жазира БЕКБОЛАТОВА,
Түркістан облысы, Шардара ауданы,
Қ.Аманжолов мектебінің 11-сынып оқушысы
