• 02/12/2022

Әлем — ортақ

«Жасыл челлендж» шарасы — Маңғыстауда

Автор:Greenworld.kz

Сен 21, 2022

2022 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын ұйымдастырады. Ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтеді.
Аталған челлендж Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған болатын.
Эстафета Маңғыстау облысына беріліп, ол облыстың Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы №1, №6 және №11 жалпы білім беру мектептерінің аумағында ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Челенджге Қарақия ауданының әкімшілігі мен білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, экологтар, мектеп оқушылары мен жастар және т.б. табиғат жанашырлары қатысады.
Осы жолғы челлендж 17 қыркүйек күні өткен «World Clean-up Day 2022» бүкіләлемдік тазалық шарасы аясында ұйымдастырылуда.
Дүниежүзілік тазалық күні немесе World Clean-up Day – бұл кішкентай Эстониядағы тазалық күнінен бастау алып, бүкіл планетаны жаулаған және жыл сайын 191-ден астам елді біріктіретін ауқымды акция екенін атап өтейік.
Жылда 60 миллион ерікті ортақ шаңырағымыз планетамызды тазарту үшін осы күні арнайы жиналады. Тазалық акциясы Жаңа Зеландияда басталып, Гавайиде аяқталады.
Қазақстан – 2018 жылдан бері ауқымды акцияның белсенді қатысушысы, елімізде бұл экошараға қызығушылық танытатындардың саны жыл сайын артып келеді. 2021 жылы акцияға 200 000-ға жуық қазақстандық қатысып, ел бойынша 15 000 тоннадан астам қоқыс жиналды, оның 5 000 тоннадан астамы қайта өңдеуге жіберілді.
Қазақстанның экологиялық қоры осы жоба аясында дүниежүзілік тазалық қозғалысына қатысып, өз тарапынан ағаштар отырғызуды жыл сайынғы дәстүрге айналдырды.
Белгілі қоғам қайраткерлерінің, экологтардың, мектеп түлектерінің атынан отырғызған осындай шара келешек ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастырады. Сонымен қатар осындай саябақтар балалардың демалуына, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Ал бұның барлығы сайып келгенде жастарды табиғатқа жанашыр болуға және экологиялық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.

Мектептерде ағаш отырғызу күндері:
1)21 қыркүйек сағат 11:00-де №11 жалпы білім беру мектебінің аумағында;
2) 22 қыркүйек сағат 11:00-де №6 жалпы білім беру мектебінің аумағында;
3) 23 қыркүйек сағат 11:00-де №1 жалпы білім беру мектебі аумағында өтеді.

— «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген дана халқымыз. Әр қалада жайқалған теректер — бізге дейінгі ағалардың бізге сыйы, аманаты. Аталарымыздың осы аманатын жас толқынға жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру — бізге міндет. Бұл біздің мәдениетіміз, қоғамның экологиялық санасының өсу деңгейі.

Бір ағаш жылына 100 кубометр, яғни 120 келі оттек шығарады екен.
Мұнша көлемдегі оттегі шағын отбасыға бір жылға жетеді.
Маңғыстау облысында белсенді мұнай өндіруші аймақ болғандықтан, мұнай кен орындарындағы мұнай қалдықтары жиналуының экологиялық проблемасы бар. Сондықтан “ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ” шарасы МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА өтіп отырғанының маңызы зор.

21-23 қыркүйегі аралығында Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын ұйымдастырады. Ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтуде.

Табиғат, экология үшін жауапкершілік ең алдымен өзімізге жүктеледі.
Осы акцияға қатысып отырған баршаңызға алғысым шексіз, — деді экофонд жетекшісі Айгүл Кадесқызы.

79

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *