• 02/12/2022

Әлем — ортақ

Ұрпақтар сабақтастығы һәм «Жасыл челлендж» шарасы

Автор:Greenworld.kz

Сен 24, 2022

2022 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Қазақстанның экологиялық қоры ағаш отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын ұйымдастырды.
Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған экошара эстафетасы Маңғыстау облысына беріліп, облыстың Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы №1, №6 және №11 жалпы білім беру мектептерінің аумағында ағаштар отырғызылды.
Игі істе ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл челленджге Қарақия ауданының әкімшілігі мен білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, экологтар, мектеп ұжымдары, ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары мен жастар және т.б. табиғат жанашырлары қатысты.
Эколог ғалымдардың айтуынша, бір ағаш жылына 100 кубометр, яғни 120 келі оттек шығарады, ал мұндай көлемдегі оттегі шағын отбасыға бір жылға жетеді. Челлендж қатысушыларының аймақ экологиясының жақсаруына қосқан үлесін енді санай беріңіз. Әсіресе Маңғыстау өңірінің белсенді мұнай өндіруші аймақ екенін ескерсек, бұл шараның өзектілігі айтпаса да түсінікті.
Осындай шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған Қазақстанның экологиялық қоры еліміздің жасөсіпірімдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып дамытып, табиғат жанашырларының қатарын көбейтуді мақсат тұтады.
Белгілі қоғам қайраткерлерінің, экологтардың, мектеп түлектерінің атынан отырғызған осындай шара келешек ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастырады. Сонымен қатар осындай саябақтар балалардың демалуына, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Ал бұның барлығы сайып келгенде жастарды табиғатқа жанашыр болуға және экологиялық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.
Айта кетейік, ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтті.

85

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *