• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Сәбилер үйінің жұмысы жүйелі

Автор:Greenworld.kz

Авг 27, 2022
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
Ғани Бектайұлы жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбетпен бiрге облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің жұмысымен танысты. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы Пазилов мекемені аралатып, жұмыс барысын көрсетті.
 Сәби үйін аралау кезінде вице-министр мекемеде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесіп, сенсорлық кабинет, емдік дене шынықтыру, монтессори, ән-күй кабинеттерінің және 2022 жылдың ақпан айында «Балалар жылына» арнайы ашылған «Тұзды шахта» бөлмесінің жұмысына қанықты. 
Аралау барысында вице-министр сәби үйі ұжымының жұмысына оң бағасын беріп, қызметкерлерге жасап жатқан еңбектері үшін алғысын білдірді.
123

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *