• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Ташкентте туристік ұйым басшылары бас қосуда

Автор:Greenworld.kz

Май 19, 2022

Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумы өтуде. Туристік индустрия өкілдерінің басын қосып, 19-20 мамырға жоспарланған аталмыш шараға еліміздің мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысуда.
Форумға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты ШЫҰ мүшелері-туристік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау және туризмді дамыту бойынша халықаралық сарапшылар, басшылар мен құрметті қонақтар, министрліктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның басты мақсаттары ұйымға мүше мемлекеттер арасында туристік өзара іс-әрекетті, сенім мен достықты, тату көршілікті нығайту, сауда-экономикалық әріптестікті дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени-тарихи нысандарды сақтау және күтіп ұстау, ШЫҰ мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.

122

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *