• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты

Автор:Greenworld.kz

Окт 1, 2022

ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Шиелі ауданаралық ауруханасы мен Досбол би ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына барды.

Досбол би ауылдық амбулаториясында 6 медицина қызметкері, оның ішінде 2 жалпы практика дәрігері медициналық көмек көрсетеді.

«Жарты ғасырлық ғимараттың тозығы жеткенін ескере отырып, мемлекет басшысы бекіткен ұлттық жоба аясында мұнда жаңа дәрігерлік амбулатория салынады», — деді А.Ғиният дәрігерлермен және аудан басшылығымен кездесу барысында.

Одан әрі министр Шиелі ауданындағы 78 мың тұрғынға медициналық көмек көрсететін ауданаралық аурухана базасында медицина қауымымен кездесу өткізді.

Министр аудандық аурухананың негізгі көрсеткіштерімен танысып, сырқаттанушылықты талдауға ерекше назар аударды.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шиелі аудандық ауруханасы КТ, МРТ, ангиографпен және басқа да жабдықтармен жабдықталып, инсульт орталығы, травматология, кардиология бөлімшесі ашылады.

152

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *