Қызылорда облысының денсаулық басқармасының басшысы Сабит Бексеитұлы "Ғарыш-Инфрақұрылым" КММ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында Байқоңыр қаласының, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.
Аймақтың бас дәрігері Байқоңыр қаласының тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдай отырып, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» бойынша сақтандырылмаған азаматтарға түсіндірме жұмысын жүргізді.
Сонымен қатар қабылдауға келген тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, саласы өкілдерімен бірге өтініштерге жеке-жеке тоқталып, шешу жолдарын қарастырды.
Кездесу барысында тұрғындар басқарма басшысының жауабына ризашылық білдіріп, кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы жөнінде пікірлерін білдірді.
Алдағы уақытта да мұндай кездесулер жиі жалғасын таппақ.