• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Аймақ хирургиясы оң бағаға ие

Автор:Greenworld.kz

Окт 22, 2022
«А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» стратегиялық блок басшысы, Қазақстан Республикасының хирургиялық қызмет жөніндегі координаторы м.ғ.к. Ибекенов Оңласын Төлегенұлы өңірімізге  іс-сапармен келіп, қазіргі таңдағы аймақтың хирургия саласының ахуалымен танысты. 
Сапар барысында Оңласын Төлегенұлы көпбейінді облыстық және қалалық ауруханалары, Жаңақорған және Шиелі ауданаралық ауруханаларының хирургия, реанимация, ота және функционалды бөлімшелерінің материалдық базасымен қатар, хирургиялық құрал-жабдықтармен, мамандардың қамтамасыз етілуімен танысты.
Одан соң көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында хирургиялық ахуалды талдау бойынша дөңгелек үстел өтті.   
Дөңгелек үстелге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы және облыстың хирург, эндоскопист дәрігерлері қатысты. 
Жиында облыстың хирургия саласының 2022 жылдың 9 айының қорытынды есебі тыңдалып, нәтижесінде Оңласын Төлегенұлы Қызылорда облысының хирургия саласының жұмысына оң бағасын берді.
180

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *