«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, Қызылорда медициналық жоғары колледжінде колледж қызметкерлерінің балалары арасында өнер байқауы өтті.
Байқау балалар жылына орай балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау және өнерлі балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Өнердің бес түрінен сайысқа түскен балақайлардың көңіл күйлері ерекше болды.
Шарада байқаудың маңызын айта келе, балалардың шат шадыман жүзін көрген колледж директоры Салтанат Сейтқалиқызы өз сөзін «бала қуансын, барлық бала бақытты болуға лайықты», - деп түйіндеді.