2022 жылғы 20 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-брифингін өткізеді.
Жобаның мақсаты – мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне экологиялық білімін арттыру.
Баспасөз конференциясына ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің депутаттары, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері қатысады.
Брифингте жоба менеджері жобаның орындалу барысы мен тиімділігі туралы презентация жасайды.
Жобаны жүзеге асыру барысында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға әсер ететін түрлі акциялар, байқаулар, тренингтер және басқа да іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында инновациялық әдістер қолданылады.
