• 04/06/2023

Әлем — ортақ

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ТМД елдерімен келісім жасалды

Автор:Greenworld.kz

Сен 28, 2022

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен келісімге қол қойды. Аталған Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігері мен ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осы халықаралық құжатқа қол қою Қазақстан Республикасының стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттарының басым бағыттарына сәйкес келетінін атап өткен жөн.

Бұл ретте, келісімнің кейбір ережелерін Қазақстанның заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолдану құқығы туралы ескертпемен келісімге қол қою ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Келісім бойынша құзыретті орган болып табылады.
Жарлықты қабылдау еліміздің теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды.

Дина ҚҰРМАНҒАЗЫҚЫЗЫ,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы

75

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *