Биыл — балалар жылы. Бар жақсылық, бар базарлық, тәтті ғұмыр, бақытты шақ, алаңсыз ойнайтын ойын балаларына деген қамқорлық жылда жасалып келеді. Десек те биылғы қамқорлық пен мейірім одан да көп жасалып, олардың құқықтарын қорғауға арналғанына мән беруіміз керек. Әсіресе, талайлы тағдыр иесі атанған бүлдіршіндерге ерекше көзқарас, арнайы жағдай керек-ақ.

Осы ретте «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастырылуымен мерекелік шара өтті.

Шарада мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған медицина қызметкерлерін балалар мейрамымен құттықтап, балаларына арнайы сый мен әрқайсысына 100 мың теңгеден сертификат тарту етілді.
