• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Жүрдек пойыз кетті… Қайда?

Автор:Greenworld.kz

Май 18, 2022

Араға екі жарым жыл салып барып, Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады. 2020 жылы әлемдік пандемияға байланысты уақытша тоқтап қалған жолаушылар пойызы енді «Алматы-2» теміржол вокзалынан Ташкенттің «Ташкент-Орталық» вокзалына барады.

Уақыт бойынша дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен Алматыға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері жүреді.
Жалпы саны 24 вагоннан тұратын пойызда 425 жолаушыға орын бар. Билетті вокзал кассаларынан немесе онлайн сатып алуға болады. Электронды билеттерді екі мемлекеттің шекарасынан өтерде қағаз күйінде көрсетуге міндетті.
Коронавирусқа қатысты ахуал әлі тұрақтанбағандықтан жолаушылар «COVID-19» вирусына қатысты ПЦР тест тапсырады не вакцина алғаны туралы төлқұжатын береді. Вакцина түрлері екі ел де мойындаған болуы шарт.
«Узбекистон темир йуллари» АҚ қазір басқа да көршілес елдермен пойыздарды көбейту мақсатында келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 19-20 мамырда Ташкент қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Туризм министрлері форумында талқыға салынады.

(Фото әлеуметтік желіден алынды)

129

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *