• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Ажар Ғиният аймақ тұрғындарымен кездесті

Автор:Greenworld.kz

Окт 1, 2022

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, олар: бастапқы медициналық-санитарлық қызмет ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

«Қызылорда облысында 237 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны жұмыс істейді.

Министрлік еліміздің денсаулық сақтау нысандарына түгендеу жүргізді.

Республика бойынша 2025 жылға дейін 655 МСАК нысанын салу жоспарлануда», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ведомство басшысы бұйрықтың қабылдануы туралы хабарлап, онда 9 бағыт бойынша консультативтік-диагностикалық көмекті ЖПД дәрігері арқылы алдын ала жазылусыз тікелей алуға болатынын айтты.

Бұдан басқа, ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативтері өзгертілді.

Министр ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру туралы айта келе, Қызылорда облысында ауылдық жерлерде 27 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, жоба аясында жалпы 32 көпбейінді аурухана, оның ішінде өңірдегі 4 орталық аудандық аурухана ұйымдастыру жоспарлануда.

Жоба аясында көп бейінді аудандық орталық ауруханалар ұйымдастырылады, олардың базасында инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, триаж жүйесі бар қабылдау бөлімшесі ашылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мүгедек азаматтардың медициналық көмектің қолжетімділігі, жедел жәрдемге жету уақыты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық кадрларды даярлау туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.

Министрмен кездесуге облыстың 300-ден астам тұрғыны қатысты.

136

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *