• 24/03/2023

Әлем — ортақ

Турнир жеңімпаздары анықталды

Автор:Greenworld.kz

Авг 26, 2022
"Евразия" спорт кешенінде "А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ-ның  директоры, бiлікті дәрігер хирург, академик Болатбек Бимендіұлы Баймахановтың 60 жасқа толуына орай, шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. 
Турнирдiң ашылуында облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттiлiк тiледi.

Шағын футболдан жарысқа түскен «А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның командасы, сондай-ақ Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының, Қызылорда облысы әкімдігінің командасы, Б.Баймаханов достарының командасы, Б.Баймахановтар әулетінің командасы және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының командасы арасынан жеңiске өңiрiмiздiң денсаулық сақшыларынан құралған команда жеттi.
Жеңiмпаз атанған Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының командасын ҚР Парламентi Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәрiпбайқызы мен турнир демеушiлерi марапаттады.
Футболда үздiк ойын көрсеткен Қызылорда облысының әкімдігі қызметкерлерiнен құралған команда II-шi орынды иеленсе, III-шi орынды Болатбек Баймахановтың достарының командасы алды.
Турнир қорытындысында мерейтой иесi Болатбек Бимендіұлы ұйымдастырушыларға алғысын бiлдiрiп, iзгi тiлегiн жеткiздi.

267

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *