Еліміздегі экологиялық мәселелерді ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қоры мектеп жасындағы жас ұрпақпен тығыз жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар, жастардың назарын экологиялық мәселелерге аудару әрі білімін кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіп, байқаулар ұйымдастырады.
Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен 3 байқау өткізіліп отыр:
- «Қоқысты қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» республикалық байқауы. Мақсаты – оқушылардың тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу әдістері туралы, білімдерін кеңейтуге үлес қосу.
- «Мен үйдегі суды қалай үнемдеймін» республикалық байқауы. Мақсаты – мектеп оқушыларының инновациялық іс-әрекетке баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және іске асыру, суды үнемдеу көзқарасын қалыптастыру.
- Жас блогерлерге арналған «Ең үздік эковидео» республикалық байқауы.
Мақсаты – экологиялық тақырыптағы видеороликтер базасын құру және жаппай тарату арқылы оқушылардың экологиялық тәрбие беру жолдары туралы білімдерін кеңейтуге және халықты табиғатты қорғау саласындағы нақты іс-әрекеттерге ынталандыруға ықпал ету.
Байқау шарттары бойынша әр байқаудың тақырыбына сай 2 минуттан аспайтын қызықты видео түсіріп, 15 шілдеге дейін жолдау керек болатын. Алайда Қазақстанның экология қоры оқырмандарының тарапынан түскен көптеген өтініштерге байланысты, сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын ескере отырып, ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ.
Енді қызығушылық танытқан оқушылар байқауларға видеоларын 31 шілдеге дейін жібере алады.
Байқаулардың қорытындысы биылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар диплом, кітап, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Басты сыйлық – ноутбук.
Айта кетейік, байқаулар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізіліп отыр.
Әр конкурс туралы толық ақпарат төменде:
Қазақстанның мектеп оқушыларына арналған «Қалдықтарды қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» видео байқауы
«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры 1 маусымнан бастап Қазақстанның 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Қоқысты қайта өңдеу», «Менің ең жақсы аулам» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізілуде.
Байқаудың мақсаты — оқушылардың тұрмыстық қалдықтар туралы білімдерін кеңейтуге, қоқысты бөлек жинау қажеттігін түсінуге, қоқысты сұрыптауды үйретуге ықпал етеді; қоршаған ортаға үнемді қатынасты тәрбиелеу, сонымен қатар мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін дамыту және қалыптастыру.
Конкурсқа қатысу үшін 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін келесі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде видеоматериал дайындау қажет.
«Қоқысқа екінші өмір сыйлайық»;
«Үйдегі қоқысты қалай сұрыптаймын»;
«Менің аулам – ең таза аула».
Байқаудың қорытындысы биылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломмен және құнды кітаптармен марапатталады.
Оқушыларға арналған «МЕН ҮЙДЕГІ СУДЫ ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕЙМІН» атты видеороликтер байқауы
Елімізде мектеп оқушыларын инновациялық іс-әрекетке баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және іске асыру үшін мектеп оқушыларына ұқыптылық пен суды үнемдеу көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры еліміздің 1-9 сынып оқушылары арасында 1 маусымнан бастап «Мен үйдегі суды қалай үнемдеймін» атты республикалық байқауын өткізеді.
Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты — су ресурстарын ұқыпты пайдалануды насихаттауға жастарды тарту;
Қазақстан Республикасында экология мәселелерін шешуде жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Байқауға қатысу үшін 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін мемлекеттік немесе орыс тілінде бейнематериал дайындап, ұйымдастырушыларға жіберу қажет.
Байқау қорытындысы осы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломдармен және құнды кітаптармен марапатталады.
Жас блогерлерге арналған «ЕҢ ҮЗДІК ЭКОВИДЕО» видеобайқауы
Осы жылдың сәуір айында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында экоблогинг мектебін іске қосты.
Мектеп ережесіне сәйкес, түрлі байқаулар өткізу міндеттерінің бірі саналад және осы мақсатта 1 маусымнан бастап еліміздің жас экоблогерлері арасында «Ең үздік эковидео» байқауы жарияланады.
Байқаудың мақсаты – экологиялық тақырыптағы видеороликтер базасын құру және жаппай тарату арқылы оқушылардың экологиялық тәрбие беру жолдары туралы білімдерін кеңейтуге және халықты табиғатты қорғау бағытындағы нақты іс-әрекеттерге ынталандыруға ықпал ету.
Байқау жер шарының табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыратын экологиялық және әлеуметтік жарнаманы жасауға, сондай-ақ мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Біздің салт-дәстүріміз» — қоршаған әлемді сақтау туралы отбасы және мектеп дәстүрі;
«Менің кішкентай Отаным» — табиғатты қорғау, Отанын, қаласын, ауылын құрметтеу;
«Менің экоәдетім» — өзіңнен бастау керек екенін түсіну, өзіңді пайдалы экоәдеттерге дағдыландыру;
«Болашақ планетасы» — планетамызды құтқару үшін болашақ технологиялар туралы шығармашылық ойлау;
«Адам және жануарлар» — адамның үй және жабайы жануарларға қатынасы және біздің іс-әрекеттеріміз жануарлар әлеміне қалай әсер етеді, ал жақсы экологиялық әдет жануарлар әлемін жақсартуға, кейде құтқаруға көмектеседі.
Байқауға Қазақстанның 7-11 сынып оқушылары шақырылады, ол үшін 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін мемлекеттік немесе орыс тілінде видеоматериал дайындап, ұйымдастырушыларға жіберу қажет.
Байқау қорытындысы биылғы жылдың қыркүйек айында шығарылады. Ал жеңімпаздар дипломдармен және құнды кітаптармен марапатталады.
