Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесінде (Тергеу изоляторы) «Миф» атты қызметтік ит конфеттің ішінен есірткі тапты. Сәлемдеме ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша адам тонағаны үшін сотталған Аян атты тұтқынға арналған.
«Қазпошта» арқылы жіберілген «Батончик» конфетінің қағазына оралған есірткі ұнтағы арнайы сараптамаға жіберілді.
Аталған мекеменің режим бөлімінің қызметкерлерімен бірге сәлемдемелерді тексеруге қатысқан «Миф» — Ішкі істер министрлігінің кинология орталығында арнайы дайындықтан өткен ит.
Ал, бұрын да адам тонағаны үшін сотты болған Аянға сәлемдеме жіберген Алматы қаласының тұрғынына қатысты алдын ала тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілуде.

