• 25/09/2022

Әлем — ортақ

Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндігін кеңейту — басты мақсат

Автор:Greenworld.kz

Авг 17, 2022

          19 тамызда,  сағат 15:00 — 17:00 аралығында ZOOM https://us02web.zoom.us/j/86897847755?pwd=S0lranc4Q2I4K1J4Q1dGVjFzeGFudz09 онлайн-алаңында «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумы өтеді.

          Форумды ұйымдастырушылар: Coca-Cola халықаралық қорының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ.

Форумның серіктестері: «Әлеуметтік динамика» ҚҚ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі.

          Форум республика бойынша жоспарланған 4 өңірлік форумның үшіншісі. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша қарашада Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы өтеді.

Форумның мақсаты-Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға жәрдемдесу.

Форумның міндеттері өте кең — ауыл мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауыл тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы ауылда әл-ауқат пен өмір сүру сапасын арттыру мәселелері. Жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу.

Бағдарламаға сәйкес форумның модераторы— Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Арапқызы Айсина.

Құттықтау сөз сөйлейтіндер: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі; ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары; Александра Аккирман, The Coca-Cola Foundation өкілі; сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басшылығы.

«Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов,  «Соса — Cola белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік қолдау-практикалық, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу туралы айтып береді. «Әлеуметтік динамика» ҚҚ директоры  Елена Анатольевна Ожго Ақмола облысы мысалында «Қазақстандағы ауылдық әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы туралы баяндама жасайды.

Форумның екінші бөлімі — «Асқар шыңдарға туған ауыл әйелдері» ауыл әйелдерінің жетістікке жету тарихына арналады. 

«Әйелдер көзқарасы: ауылдық аумақтарды дамытудағы әйелдер рөлі»  облыстың экономикалық жағдайын жақсартып, еңбек тақырыбындағы мәселелерді шеше отырып, өз бизнесін жүргізіп жатқан әйелдердің жетістіктері туралы айтылады.

Бұл бөлімде: Найла Бейсенбайқызы Үмбетова -инновациялық-білім беру орталығының директоры, «Кәусар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (Алматы облысы), Назгүл Ұзаққайырқызы Насиева — Renewal kz ЖШС директоры (Жамбыл облысы), Гүлсім Әбілқасымқызы Дәрібаева – кәсіпкер, (Қызылорда облысы). Набаткүл Қамбарқызы Байтанаева – «Олжас-Б» шаруа қожалығының төрайымы (Түркістан облысы), сондай-ақ өзінің табыс тарихымен «Coca-Cola Белестері-2021» жеңімпазы Сәбила Жайлыбаева (Алматы облысы) бөліседі.

66

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.