• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

Автор:Greenworld.kz

Окт 1, 2022

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының ұжымымен кездесті.

Шұғыл медицина орталығы өңірдің 780 235 тұрғынына қызмет көрсетді, бұл ретте осы қызметпен қамту аймағы облыс бойынша 70,7%-ды, 229 елді мекеннің 162-сін құрайды.

Халыққа кезек күттірмейтін көмекті 95 бірлік санитариялық автокөлікпен жарақталған тәулік бойы жұмыс істейтін 47 бригада көрсетеді.

Станцияда қазір 900-ден астам қызметкер, оның ішінде 75 дәрігер және 524 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Министр шақыртулардың статистикасымен және жіктемесімен, диспетчерлердің жұмысымен, өңірдің шұғыл медициналық көмек көрсетуінің нәтижелілігімен егжей-тегжейлі танысты.

100

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *