• 30/06/2022

Әлем — ортақ

«Серт» детектив байқауы жарияланды

Автор:Greenworld.kz

Май 18, 2022

ҚР ІІМ екінші республикалық детективтік шығармалар байқауын жариялады.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ҚР ІІМ екінші републикалық “Серт” байқауын жариялады. Жұмыстар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Байқауды белгілі жазушылар мен ақындардың, сыншылар мен әдебиеттанушылардың, журналистер мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің қазылар алқасы қорытындылайды.

Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында алғаш рет “Серт” республикалық детективтік шығармаларға байқау жариялаған болатын. Соның қорытындысы бойынша детективтік жанрдағы қазіргі заманғы отандық жазушылардың шығармаларынан тұратын екі томдық жарық көрді.

Әдеби байқаудың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді арттыру. Сонымен бірге полицейлер мен құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлерінің күрделі және қауіпті жұмысына қоғам назарын аудару. 

30

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.