• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» сурет байқауы өтті

Автор:Greenworld.kz

Июн 2, 2022

1972 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 5 маусым күнін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп атады. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні экологиялық проблемаларға назар аударуға, сондай-ақ оларды шешуге бағытталған әрекеттерді ынталандыруға арналған.

Жыл сайын осы күні қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізіледі.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен «5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау» күніне орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар сурет байқауын өткізді.

Биыл сурет байқауы өңірлік ауқымда «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы оқушылар арасында ұйымдастырылып, 17 тәрбиеленушіні қатысты.

Байқаудың мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету болып табылады. Әр оқушы өзінің туындысы арқылы туған жердің болашағын, оның экологиясының жай-күйін жеткізді.

Балалардың шеберлігімен салынған суреттердің ішінен үздіктерін таңдау оңай болған жоқ. Облыстың танымал суретші маман шақырылып, пікірі тыңдалды.

Комиссия қорытындысымен, тақырыптық мазмұнға сәйкес келетін балалардың суреттері таңдалып, олардың ішінен 6 жеңімпаз анықталды.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келіп, Бас жүлдені Байтілеуова Сара, 1 орынды — Федорова Полина жеңіп алса, 2 орынды – Байтілеуов Бағдаулет және Ахмадулина Алеся, 3 орынды – Тәжібаев Азамат пен Данилова Зарина өзара бөлісті.

Жүлделі орынға ие болған балаларға Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы атынан грамотасы табысталып, ынталандыру шаралары атқарылды.

Қызылорда облысы бойынша

экология департаментінің

баспасөз қызметі

158

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *