Түркістан облысы Кентау қаласында 21 қазан күні 2.1 балл шамасында жер сілкінісі болды. Геологиялық құбылыс 22 қазан күні таңертең 1.0 балдық режимде тағы қайталанған. Бұл туралы мәлімет «Volcano Discovery» сайтында да жарияланды.


Әзірге материалдық шығын туралы ешқандай ақпарат жоқ. Десек те, жер сілкінісін Кентау қаласына жақын орналасқан аймақ тұрғындары да байқаған.
