• 26/03/2023

Әлем — ортақ

САМАРҚАНДА ЭКОСЕНБІЛІК ӨТТІ

Автор:Greenworld.kz

Сен 15, 2022

«Жаңа уақыт» жеке меншік мекемесі  «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы «Қазақстанда БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасынының шағын грантын іске асыру шеңберінде  «Қазақстанда экологиялық білім беру деңгейін және оның қолжетімділігін арттыруды іске асыру мақсатында экожастар дайындау» тақырыбы бойынша «ЭкоЖастар мектебі»  атты жобасын іске асырып жатыр.

Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында 10 қыркүйек күні Самарқанд су қоймасының жағасында (Теміртау қ.) «Эко Жастар» мектебінің тыңдаушылары мен эковолонтерлерінің ұйымдастыруымен «Жер атты қоқыс үйіндісі» экосенбілігі өтті. Сенбілік Самарқанд су қоймасының жағалауында өтті. Сенбілік басталар алдында экотренерлер Елена Петрова, Глеб Байтулов және эковолонтер және «Эко Жастар» мектебінің тыңдаушысы Максим Савинов Қоқысты сұрыптау және бөлек жинау бойынша мастер класс өткізіп, сенбілік өткізуді үйлестірді. Нәтижесінде 120 қап қайта өңделетін қоқыс жиналды.

Сенбілікке «Эко Жастар» мектебінің 70-тен астам тыңдаушысы, Теміртау қаласының оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Атап айтқанда:

1. «Jana Jastar еріктілер желісі» ЖҚБ еріктілері;

2. Теміртау кәсіптік техникалық колледжі;

3. Теміртау жоғары политехникалық колледжі;

4. Теміртау Жоғары Медициналық Колледжі;

              5. Теміртау қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебі.

 
              Сенбілікті ұйымдастырудағы негізгі серіктес «Jana Jastar еріктілер желісі» ЖҚБ болды, жетекшісі Максим Савинов (@janajastar_tmr). 

Экологиялық акцияның демеушілері мен қатысушылары «Ақ жол» Қарағанды облыстық филиалының ҚДП, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қалалық филиалының дирекциясы, Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы болды.

              Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған экологиялық акциялар жалғасатын болады.

182

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *