• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«Birge – taza Qazaqstan» акциясы өтті

Автор:Greenworld.kz

Сен 18, 2021

GREENWORLD.KZ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 қыркүйегінде еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіл әлемдік акциясын өткізілді, — деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл күні акция әлемнің 150 елінде өтеді және оған 380 млн астам адам қатысады.
Акцияның басты мақсаты – облыстағы барлық қоқыстарды жинап, қайта өңдеуге жіберу, халықты қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.


Туған жердің табиғатын сақтап, өңірдің экологиялық тазалығына атсалысу әр азаматтың борышы. Сондықтан «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіл әлемдік акциясына облыстың барлық аудандары мен елді-мекендерін қамтып, оған 2,5 мыңға жуық адам қатысты.
Атап айтсақ, қала ішінде 9 орын белгіленіп, сенбілік ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері орталық мешіттің ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді.


Акция барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле, автомобиль жолдарының бойы, канал жағасы, саябақтар, демалыс орындарындағы қоқыстар жиналды.
«World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіл әлемдік акциясына қатысқан барлық қасушыларға алғымысызды білдіреміз.

189

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *