2020 жылдың қараша айынан бастап тұрақты даму, әлеуметтік кәсіпкерлік, білім беру салаларының мамандары (тізімі қоса тіркелген) Назарбаев Университеті Әлеуметтік даму қорының қаржыландыруымен оқушыларға экологиялық білім беретін «Көкмайса» жобасын жүргізуде.
Жобаның мақсаты – Нұр-Сұлтан мектептерінде қазақ тілінде білім алатын 5 сынып оқушыларының арасында экологиялық сана-сезім мен білімдерін көтеру, оларға «Нөл қалдықтар» (қоқыстар) қағидаларымен таныстыру, тұрмыста қолданылған қатты қалдықтарды бөлек жинау сияқты экологиялық мінез-құлықтарын қалыптастыру. Жобаға №90, 81, 87, 76, 74, 73, 86, 58, 56, 66 мектептері қатысады.
Бұл жоба қала өмірін жақсартуға, оны өмір сүру мен кәсіппен айналысу үшін таза әрі ыңғайлы ету үшін, азаматтардың сана-сезімін экологияландыру үшін, табиғатты ұқыптырақ қамқорлық көрсету үшін, тұрақты даму қағидаларымен және тұйық циклді экономикамен таныстыру үшін маңызы зор. Сонымен қатар, азаматтардың экологиялық сана-сезім мен білімді көтеру арқылы еліміздің жасыл экономикаға өтуге және жасыл технологияны қолдануға ықпал етеді деп күтіледі.
Жоба бірнеше кезеңнен тұрады:
- Мектеп мұғалімдеріне қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класстарды өткізу,
- Мұғалімдердің оқушыларға шеберлік сабағын өткізу. Шеберлік сынып соңында сауалнама жүргізіледі.
- Сәуірде 5 сынып оқушылар мен мектеп ұжымдарын қалдықтар іріктеуге үйрету мен әдеттендіру үшін мектептерге контейнерлер орнату.
- Жобаға қатысатын мектептер арасында жарыс өткізу.
Шараға әлеуметтік жеке кәсіпкер, экобелсенді, Ұлы Дала жобасы мен Биопакет кәсіпорнының директоры Мирас Аббас қатысады деп жоспарлануда. Ол экология саласындағы ондаған жобаларды іске асырған. 2020 жылдағы ҚР Экология, геология мен табиғи ресурстар министрлігінің Экоелшісі. «Ózgeris ustasy» атты бірінші республикалық сыйлықтың иегері. Қазақстанның Экологиялық ұйымдардың қоғамдастықпен ұйымдастырған “Жасыл экономика көшбасшысы” атты сайыстың жүлдегері.
Жоба жетекшісі – Жанар Кульжанова.
Экологияландыру мен бизнестің тұрақты даму бойынша консультанті («Seleu Consulting» компаниясының маманы), экобелсенді. Мемлекеттік құрылымдар мен мемлекет емес/үшінші секторында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар (ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстандағы шетел елшілер жұбайлардың қауымдастығы, Тунистегі шетел әйелдердің ұйымы).
«Көкмайса» жобасының мүшелері
Ләйла Әбдіманапова – Көптілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі, Назарбаев eниверситеті Жоғары білім беру мектебінің кіші ғылыми қызметкері, жоба волонтері.
2022 жылы 5 cәуірден бастап оқушыларға сабақтары басталды. Мысалы, 8 сәуірде 15:00-17:00 арасында №73 лицей-мектепте осындай сабақтар өткізіледі. Қатысуға шақырамыз.
Кез-келген ақпарат пен сұрақтар болса, бізге байланысуды сұраймыз:
+7 701 533 5178 Жанар Кульжанова
