• 26/03/2023

Әлем — ортақ

106,9 тонна қоқыс қайта өңдеуге жіберілді

Автор:Greenworld.kz

Мар 24, 2022

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті және облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Наурыз» мейрамы қарсаңында «Birge – taza Qazaqstan» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты — көшелер мен саябақтарды, мекемелер мен үйіміздің ауласын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, гүлдер мен ағаштар отырғызуды дәстүрге айналдыру.

Туған жердің табиғатын сақтап, өңірдің экологиялық тазалығына үлесін қосу әр азаматтың борышы. Сондықтан «Birge – taza Qazaqstan» бүкіл әлемдік акциясына облыстың барлық аудандары мен елді-мекендері қамтылды.

Акцияға барлығы 26248 адам қатысты, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, еріктілер, қала және аудан тұрғындары бар.

Акция барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле, автомобиль жолдарының бойы, канал жағасы, саябақтар, демалыс орындары мен мекеме айналасындағы қоқыстар жиналды.

Барлық тазартылған аумақтың ауданы 89 гектарды құрайды.

Акция барысында барлығы 219 тонна қоқыс жиналып, 106,9 тонна қайта өңдеуге жіберілді.

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері Орталық мешіттің ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы бойынша

экология департаментінің

баспасөз қызметі

418

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *