• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Заңсыз салынған бөгеттер бұзылуда

Автор:Greenworld.kz

Сен 2, 2021 ,

GREENWORLD.KZ

Ойыл өзені бойындағы заңсыз салынған бөгеттер бұзылып, өзен арнасын тазарту жұмыстары басталады. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ өкілдерінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде айтылды.

Экология вице-минстрі Серік Қожаниязов, Экология министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов, Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов, «Қазсушар» РМК Бас директоры Алтай Елжасов Атырау облысына іс-сапармен барды. Қызылқоға ауданында атыраулық және ақтөбелік белсенділермен кездесті. Жергілікті тұрғындар Ойыл өзенінің төменгі ағысында су көлемінің азайып жатқанын хабарлады. Оған себеп су құятын салаларында орналасқан бірқатар бөгеттің орналасуы дейді.

«Ойыл өзені — Ақтөбе облысындағы Темір ауданы, Еңбек ауылы тұсындағы бұлақтан бастау алып, Атырау облысындағы Ақтөбе көлі тұсында тартылып қалған. Осы өзен бойында 57 бөгеттің бар екенін анықтадық. Бөгеттерді бұзу арқылы судың еркін ағуына мүмкіндік жасаймыз» -, деді Есенбай Нұров.

Вице-министр Серік Қожаниязов мәселенің шешімі ретінде заңсыз салынған бөгеттердің бұзылатынын айтты.

«Халықтың қойып отырған талаптары орынды. Көтерілген мәселе бойынша екі облыстың әкімдігімен бірлесе жұмыс істейтін болады. Заңсыз салынған бөгеттер бұзылады» -, деді Экология министрінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Сондай-ақ Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов аталған мәселені шешу үшін жоспар құрылғанын айтты. Мәселен, Жайық-Каспий бассейндік инспекция тарапынан осы жылдың наурыз айында Ойыл және Жем өзендерінің гидрологиялық жағдайына қатысты бағытталған мәселелерді шешуге арналған іс-шара бекітілген.

«Иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда, оны көзделген мақсатта іс-шара рәсімдерін жүргізу жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатады. Осыған орай, әрбір салынған құрылыс нысаны бойынша Ақтөбе облысы әкімдігіне бұлақтарды тазарту, кедергі келтіріп тұрған бөгеттерді транзиттік режимге қою және өзен арнасын толықтай жауып тұрған бөгеттерді бұздыру бойынша ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, Атырау облысы әкімдігіне Ойыл өзенінің төменгі ағысын сумен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс берілді» -, деді Досбол Бекмағамбетов.

Айта кетсек, биыл мамыр айының 13-18 күндері комиссия мүшелері аталған бөгеттерді аралады. Оның құрамына Экология министрлігінің өкілдері, Ойыл жанашырлары, Ақтөбе облысының және аудандық әкімдік өкілдері қатысты. Нәтижесінде Мұғалжар, Қобда, Темір және Ойыл аудандары аумағында Ойыл өзенінің жоғарғы ағысында және бассейнінде 57 гидротехникалық құрылыстың бары анықталды. Оның ішінде: республикалық меншіктегі — 8, коммуналдық меншіктегі — 3, иесіз бөгеттер — 34, көпір немесе көтерме жол -5, тазартуды қажет ететін бұлақ саны — 7. Бөгеттер өзен арнасында Кеңес одағы кезінде салынған, тозығы жеткен. Бұл өз кезегінде судың еркін өтуіне кедергі келтіріп отыр.

16

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *