• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Табиғат пайдаланушыларының құқығын қорғау — басты мақсат

Автор:Greenworld.kz

Мар 24, 2022

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз араласуына жол бермеу — прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі.

        Өз кезегінде Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен өңір кәсіпкерлерінің-табиғат пайдаланушыларының құқықтарын қорғауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп табиғат пайдаланушылармен қабылдау жүргізіп, мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, түсіндірмелер берілуде.

Прокуратура қызметкерлерінен тұратын мобильді топ құрылып, қадағалау аймағындағы уәкілетті және жергілікті органдардың ғимараттарында байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар ілініп, әлеуметтік желі парақшаларында жарияланымдар тұрақты түрде шығарылуда.

        Өткен жылы табиғат пайдаланушылардан мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты 4 сигнал тіркеліп, олар бойынша жүргізілген тексеріспен 2 сигнал дәлелденіп, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде олардың құқықтары қорғалды.

Мысалы, кәсіпкерлік субъектісі — «Ақмарал ПК» ЖШС-нің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен күріш зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өзгерту туралы өтінішіне негізсіз бас тартқанына шағымданған.

Прокуратурамен аталған шағым бойынша дереу тексеріс жүргізіліп, нәтижесі бойынша негізсіз бас тарту туралы шешімнің күші жойылып, заңбұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

        Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өзінде жергілікті атқарушы органның заңсыз әрекетіне 4 табиғат пайдаланушылардың сигналдары түсті.

Атап айтқанда, «Кіші Арал» теңізінің табиғат пайдаланушылары балық шаруашылығы учаскелерін қайта бекіту туралы комиссия қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен Қаулы шығаруға ықпал жасауды сұраған.

        Прокуратураның араласуынан кейін облыс әкімдігімен табиғат пайдаланушыларға бекітілген учаскелері қайта бекітіп беріліп, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Мұндай жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

        Егер табиғат және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда кез келген уақытта Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильді тобына 8 708 361 98 92 немесе 8 (7242) 26-13-24 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Дабыл АЯНҰЛЫ,

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуроры

466

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *