• 21/05/2022

Әлем — ортақ

Климаттың өзгеруі — қауіпті құбылыс

Автор:Greenworld.kz

Янв 19, 2022

«Қазгидромет» РМК және Potsdam Institute for Climate impact research (PIK) жаһандық өзгерістер мен климат, су ресурстары, энергетика және тұрақты даму саласындағы маңызды ғылыми мәселелер бойынша зерттеулерді алға жылжыту және әлеуетті дамыту туралы іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мен PIK арасындағы ынтымақтастықты белгілейтін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Меморандум гидрометеорология саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде. Екі елдің өзара қолдауын және белсенді ынтымақтастығын, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша ортақ қызығушылықтарды қамтамасыз етуге бағытталған:

— Орта Азия аймағы үшін климаттық және гидрологиялық модельдеу;

— Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі су ресурстары үшін климаттың өзгеру тәуекелдерін бағалау, соның ішінде шетелдік бассейндер;

— Төтенше ауа райы құбылыстары мен климаттың өзгеру қаупін бағалау;

— Климатқа әсерді бағалау үшін SWIM топырақ пен судың интеграцияланған моделін қолдана отырып, гидрологиялық модельдеу;

— Жаһандық циркуляция мен климаттық қатерлерді бағалау модельдері нәтижелерінің ауқымын азайтудың динамикалық және статистикалық әдістерін үйрету;

— Орта мерзімді (6 айға дейін) ауа райы болжамдарын, олардың Қазақстандағы көктемгі су тасқынын болжау үшін қолданылуы тұрғысынан тексеру;

— Қазақстандағы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін модельдеу және болжау. Мысалы, бидай, күріш;

— Потсдам климатқа әсерін зерттеу институтында қысқа мерзімді тағылымдама.

«Қазгидромет» РМК мамандарына, PIK әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесі, болашақта Климатологиялық және гидрологиялық модельдеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға көмектеседі.

88

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.