• 21/05/2022

Әлем — ортақ

Балық аулауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Автор:Greenworld.kz

Май 4, 2022

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 24.07.2015 жылы №190 бұйрығы бекітілген.

Бұйрыққа сәйкес, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынған.

Бүгінгі таңда Кіші Арал теңізінің су айлағында жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімі (уылдырық шашу және көбею мерзімі) ауыстырылды.

Яғни, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 27 сәуір 2022 жылғы №38 бұйрығына сәйкес «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының 25 сәуірдегі 2022 жылғы №41 хатымен берілген ұсынымы негізінде тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, Кіші Арал теңізінің су айлағында жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін күнтізбелік он бес күнге ауыстыру (2022 жылғы 16 мамырдан 25 маусым аралық) туралы шешім қабылданды.

Заңнама талабын қатаң сақтауға шақырамыз.

Қызылорда облысының

Табиғат қорғау прокуратурасы

33

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.