1 сәуір экологиялық мерекелердің бірі – құстар күні. Дүниежүзі экологтары мен орнитологтары осы күні құстарды сақтауға және олардың сирек кездесетін түрін қорғауға шақырады.
Қазақстанда 21 отрядқа және 61 тұқымдасқа жататын құстың 500 түрі кездеседі. Оның 90 түрі отырықшы, 313-і қоныс аударатын, 68–і ұшып келетін, 29–ы ұшып өтетін құстар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” құстардың он екі отрядының 57 өкілі кіреді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құстар мекендейтін жерлерге мұқият болуға, олардың ұясын бұзбауға шақырады.
Биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп проблемаларға назар аудару үшін жыл сайын “Жыл құсы” ақпараттық науқанын өткізеді.
2021 жылы “Жыл құсы – 2021” бірқазан болған еді, 2022 жылы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы бұлбұл құсын Қазақстандағы «Жыл құсы — 2022» деп жариялады.
Бірқазандар заңмен қорғалады. Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сонымен қатар бірқатар негізгі орнитологиялық аумақтарда өмір сүреді. “Бірқазан жылында” түрдің негізгі аумақтарын анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту жоспарланып отыр.
