• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Аралда балықтар неге жаппай қырылды?

Автор:Greenworld.kz

Фев 21, 2022

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Қызылорда облысы Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын каналдың (Сағынбай каналы, жергілікті халық Көгіш деп аталатын канал)  бойында ағымдағы жылдың 18 ақпан күні орын алған  балық шабақтарының қырылуы фактісі бойынша төмендегіні білдіреді, — деп хабарлайды Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

            2022 жылғы 19 ақпан күні  2021 – 2023 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың жаппай қырылу қатеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, құзырлы органдар зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы көлемі  бойынша канал ұзындығы  1,2 км жуық, ені 16 м құрайды.

Зерделеу жұмыстары барысында, канал бойынан бірнеше ойық ойылып, балық түрлері (торта, табан, ақбалық) анықталған. Судағы оттегі мөлшері                      3,5 мг/дм³, температура 2,5 ºС, орташа тереңдігі 2,5 м құраған.      Ғылыми ұйым маманы алдын ала өз тұжырымдамасында оттегінің аздығы балықтар тірішілгі үшін қолайсыз екендігін білдірген.  Сонымен қатар, Бөген ауылдық округінің ветеринария пункті балықтан және  Қызылорда облысытық экология департаменті су сынамасын сараптама жүргізу үшін алған. Сараптама нәтижесі анықталған соң, қосымша ақпарат жарияланатын болады. Балықтардың тіршілік ету жағдайына және балық ресурстарын сақтап қалу мақсатында, жергілікті артқарушы органдармен ойықтар жасау (оттегі беру үшін) жұмыстары жүргізілуде.

187

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *