• 20/01/2021

Әлем — ортақ

Ауыл әйелдерінің III республикалық форумы өтеді

greenworld.kz 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты  ауыл әйелдерінің III республикалық форумы өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар: Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы «ЗТБ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, Coca-Cola халықаралық қоры, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі

Форумның ресми серіктестері: «EXPO&WOMEN» ХҰ, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ, «Әлеуметтік динамика» ҚҚ.

Форумның мақсаты-Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылды реформалау, агросекторды экономика өсуінің жаңа драйвері ретінде арттыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды қолдау. Ауылдық аумақтардың инклюзивті, инновациялық және «жасыл» экономиканы дамытуға жәрдемдесу. Жаңа өңірлік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту.

Форумның алғашқы күнінің бағдарламасына келесі сессиялар енгізілді: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылды дамыту, «Мал шаруашылығы фермерлік шаруашылықтарының тұрақтылығын арттыру», «Климаттың өзгеруінің астық егетін шаруашылықтардың жай-күйіне әсер ету проблемалары», «Ауылдағы әйелдер бизнесі мен стартаптардың келешегі».

Түстен кейін бағдарламаға сәйкес форумның ресми бөлігі Парламент депутаттарының, ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Күннің екінші жартысында Қазақстанда іске асырылып жатқанына 8 жыл болған  «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасы қорытындыланады, «Coca-Cola Белестері-2020» байқауының 20 жеңімпазын марапаттау рәсімі және оларға «жасыл» бизнес-жобасы үшін Салтанат Рахымбекова атындағы грантты, бизнесті алғаш бастағандарға гранттар тапсыру, «100 истории успеха/Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» кітабының тұсаукесері өтеді.
Ұйымдастырушылар осымен екінші жыл қатарынан БАҚ арасында Қазақстанда 2030-тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруды насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізіп келеді. Форумда бұқаралық ақпарат құралдары арасында жеңімпаз журналистерді салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Конкурстың мақсаты-орнықты даму мақсаттарын (ТДМ-2030) іске асыруды насихаттауға БАҚ өкілдерін тарту және Қазақстанның ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларына қол жеткізуіне азаматтық қоғамның кең ауқымының қатысуы. Байқауға эфирде, радиода және  баспа БАҚ-та 1 қаңтар мен 20 қазан аралығында жарияланған жұмыстар қабылданды. Конкурсқа 170 жұмыс қабылданды, оның ішінде конкурстық комиссия 15 өтінімді іріктеп алды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

192

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *