• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Ауыл әйелдерінің ІІІ республикалық форумы өтті

Автор:Greenworld.kz

Ноя 16, 2020

greenworld.kz «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ауыл әйелдерінің III республикалық форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Пандемия жағдайына байланысты форумға 14 өңірде онлайн режимде өткізілді. Шараға еліміздің 11 облысынан іріктелген делегет мүшелері мен 163 ауылдық елді мекеннен 2700-ге жуық ауыл әйелі қатысты.

 — Форум ынтымақтастық пен диалогтің алаңына айналды. Ауыл өмірінің барлық саласын қамтитын әйелдерді облыс әкімдерінің қолдауымен бір алаңға жинау форум аясында жүзеге асырылып отыр. Бүгінгі республикалық форумның үшінші мәрте өтіп жатқаны да осының дәлелі. Форум аясында ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлерді тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, өзін-өзін жұмыспен қамту мәселелерін көтеріп, біртіндеп ол мәселелердің шешімін табуға жағдай жасалып отыр, — деді Мәжіліс депутаты Майра Айсина.

Ал Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанның аграрлық секторы экономиканың басты салаларының қатарына кіретіні бәріне белгілі екенін жеткізді.

 — Аграрлық өнеркәсіптік кешен Қазақстан халқының жартысынан көбінің табыс көзі болып табылады. Бүгінде ауыл халқының саны 7,2 миллионды құраса, оның 50 пайызы – әйел адамдар. Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылға арналған Жолдауында әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуды тапсырған еді, — деді ол.

Сондай-ақ, форум аясында Қазақстанда 8 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасы қорытындыланды. «Coca-Cola белестері-2020» байқауының 20 жеңімпазын марапаттау рәсімі және оларға «жасыл» бизнес-жобасы үшін Салтанат Рахымбекова атындағы грант табысталды. Өңірде жасыл экономика, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығында кәсібін дөңгелетіп отырған өңірдегі 20 әйелге грант бөлінді.

Айта кетейік, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» осымен екінші жыл қатарынан БАҚ арасында Қазақстанда 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ – 2030) іске асыруды насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізіп келеді. Форумда БАҚ өкілдері арасында өткізілген байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Конкурсқа интернет-ресурста жарияланған 57, баспа бетінде жарияланған 43, радиодан – 28, теледидар бағдарламасынан – 16, телесюжеттен 22 жұмыс қабылданған. Олардың ішінен конкурстық комиссия 15 өтінімді іріктеп, жүлделі орындар табыстады.

Интетрнет ресурстардағы үздік материал номинациясы бойынша «Strategy2050.kz» сараптамалық порталының тілшілері Назерке Сүйіндік пен Рабиға Нұрбай алса, екінші орынды BAQ.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі Аягөз Құрмаш, үшінші орынды «Қазақпарат» ХАА тілшісі Серік Сәбеков алды. Ал «Баспасөз бетіндегі ең үздік материал» номинациясының жүлделі ІІІ орны «Халық» республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық газетінің жауапты хатшысы Нұрбике Құдайбергенова иеленсе, ІІ орынды «Заң» газетінің тілшісі Ерлік Кебекбай мен «ФудИндастриКЗ» баспасының журналисі Жанбота Төлеген өзара бөлісті. І орын «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Аңдасқа бұйырды. «Радиодағы үздік бағдарлама мен радиосюжет» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Halyk radiosy» тілшісі Құралай Рақымжанова марапатталса, «Үздік телесюжет» номинациясы «Хабар» телеарнасының «Бүгін», «7 күн» «Народный контроль» бағдарламаларының редакторы Әмір Сәменбетов, «Үздік телебағдарлама» номинациясы «Almaty.tv» журналисті Ержан Өтеевке табысталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақының сертификаты берілді.

#Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы#

#greenkaz# #ауыләйелдерініңІІІреспубликалықфорумы#

#жасыләлем# #экология#

2598

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *