Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыскерлерге рақымшылық жасау басталды. Осыған орай Қызылорда қаласында орналасқан ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші А.Т. рақымшылықпен босатылды.
1990 жылы туған азаматқа соттың 05.03.21 жылғы үкімімен ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес 1 жыл 1 ай 10 күнге қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу белгіленген болатын. Үкімет заңымен сотталушының өтелмеген уақыты рақымшылыққа ілінді.
— Рақымшылықпен босатылып жатқаныма қуанып тұрмын. Заң шығарушы органдарға және түрме басшылығына рақмет айтқым келеді. Мұнда бостандықтағы әрбір уақыттың бағалы екенін ұқтым. Енді ағаттық жасамаймын. Жаңа өмір бастаймын, — деді рақымшылыққа іліккен азамат.
