• 20/01/2021

Әлем — ортақ

Баспана бақытын бұйыртатын бес бағдарлама

greenworld.kz Өткен жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы «Нұрлы Жер», «Өз үйім», «Орда», «Бақытты отбасы», «Әскери отбасы» бағдарламалары іске асты. Арнайы бағдарламалар аясында көптеген қызылордалықтар баспаналы болып, қоныстойын тойлады. Олардың арасында банктің тұрақты салымшылары да бар. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асқалы облыс бойынша 176 отбасы баспаналы болды. Әлеуметтік ахуалы сын көтермейтін отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен несиелендіру жұмыстары жүргізілмекші. Талай табалдырықты тоздырып, уақытша пәтер жағалап жүрген халықтың бөлігі үшін тиімділігін көрсеткен бағдарлама – «Өз үйім». Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі, жекеменшігінде тіркелген баспанасы бар азаматтар да қатыса алады. Осындай шарт негізінде Сырдарияның сол жағалауынан өткен жылы 200-ден астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Ал әскери сала қызметкерлері де арнайы бағдарлама аясында тұрғын үйге қол жеткізді. Мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері, жас отбасылар және өзге де санаттар бойынша жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар үшін «Орда» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама аясында Қызылорда қаласының сол жақ жағалауында 246 пәтер қолданысқа берілді. Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйге қатысушыларға қойылатын талап, соңғы 5 жылда жекеменшігінде тіркелген баспананың болмауы, жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұру және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» ашылған депозит пен 500 мың теңге көлеміндегі кепілдік жарнасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш банктен 30 мыңнан астам өңір тұрғындары мемлекет сыйлықақысын алады. Олар – банктің тұрақты салымшылары, 11 мыңға жуығы жаңадан ашылған депозиттер.

 — Қазіргі таңда банк салымдары бойынша тиімді мөлшерлеме 13 пайызды құрайды. Сондай-ақ, салымшының депозитте жинаған қаражатына 2 пайыз көлемінде банк сыйақысы мен жыл сайын 20 пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы түседі. Мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға есептелінеді. Бұл 2019 жылы 505 мың теңгеге тең. Яғни, егер бір жыл ішінде банк салымшысы осындай соманы жинаса немесе бірден депозитке салса, онда 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол 101 мың теңге көлемінде ең жоғары сыйлықақыны алады. Қазақстанның әрбір азаматының мемлекет сыйлықақысын алу мүмкіндігі бар, ол үшін банк кеңесшілеріне хабарласу керек. Егер депозитте бір жыл ішінде жинақталған сома 200 АЕК-тен жоғары болса, онда сыйақымен марапатталмаған қаражат келесі жылы мемлекет сыйлықақасын есептеу кезінде ескерілетін болады, — деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Ілияс Жұрынов.

Сонымен қатар банктен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, үй салу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жер телімі мен үй сатып алу мақсатында жалпы саны мыңнан аса аймақ тұрғындары несие алған.

38

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *