• 25/09/2022

Әлем — ортақ

Баспана саудасы қай деңгейде?

Автор:Greenworld.kz

Май 18, 2022

Қазіргі таңда Қазақстанда баспана саудасы күрт төмендеп кетті. Үй сатып алу өткен айға қарағанда төмендеп кеткен. 10 жылдан аса жылжымайтын мүлік агенттігінде қызмет атқаратын Ғалым Ысқақов та соңғы айларда баспана саудасының төмендеп кеткенін айтты.

Әлемдегі геосаяси ахуал күрделеніп, доллар өскенде, құрылыс компаниялары да пәтер бағасын шарықтатып жіберген. Біреулері акциямен үйдің бағасын түсіріп жатса, екіншілері бөліп төлеуді жасайды.

Нарықтағы бағалауға сүйенсек, ең қымбат тұрғын үйлер Алматы қаласында. Ал екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Алматы қаласына қарағанда 100-150мың теңгеге айырмашылық бар.

Осы жағдайда сарапшылардың пікірі екіге бөлінді: біреуі баспана бағасының арзандауын күту керек деп айтып жатса, екіншісі баспана үшін қолдағы бар қаражатты қазір салып үлгеру керек деп айтып отыр. Бірақ, мүлік саудасымен айналысатындардың айтуынша, адамдар үй сатып алған кезде мұқият болғаны абзал дейді. Себебі, құрылыс компанияларына қаржы жетіспеушілігінен сапасыз нысан көбеюі мүмкін деп хабарлайды.

Жансая Дербисова,

Петропавл қаласы,

Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің 9 сынып оқушысы

77

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.