Байқаудың мақсаты — қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикасын арттыру үшін экологиялық өмір салты, «жасыл» және төмен көміртекті технологиялар қағидаттарын ілгерілету, озық тәжірибенің үздік үлгілері мен технологиялық шешімдерін тарату.
Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Жасыл экономика» және «G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ (бұдан әрі-Коалиция).
Байқау ресми түрде 2022 жылдың 6 мамырынан 5 қыркүйегіне дейін сегіз номинация бойынша басталады. Оған мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, коммерциялық және сауда құрылымдары, индустрия, ҮЕҰ және т. б. өкілдері қатыса алады.
Жобаны іске асырудың 3 жылы ішінде конкурсқа 220 ұйым қатысты, олардың 70-і талаптарға сай және жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда олар өз филиалдарында «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізуді жалғастыруда.
2020 жылдан бастап байқауды өткізу шеңберінде Қазақстанның түрлі өңірлерінде экологиялық кеңсенің қағидаттарын енгізу бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі. Осы жылы мұндай семинарлар тренердің қатысуымен үш облыста жалғасады: Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау.
Конкурсқа қатысу шарттары мына сайтта орналастырылған http://greenoffice-kaz.org/, фейсбук парақшасы: https://www.facebook.com/greenofficekz/.
Байқау қорытындысы 2022 жылдың қазан айында шығарылады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады және осы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысуға шақырылады.
Мұндай жасыл кеңселер арасындағы конкурс көптеген елде өткізіледі.
