• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Ертең «Жер сағаты» акциясы өтеді

Автор:Greenworld.kz

Мар 25, 2022

Ертең, 26 наурызда Жер шарындағы «Жер сағаты» атты ең ірі акция сағат 19:30-20:30 аралығында өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты – адамдардың назарын Жер шарының ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға аудару. Бұл – дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ғаламдық акциясы және де бұл табиғатқа ұқыпты қараудың, планетамыздың шектеулі ресурстарына қамқорлық жасаудың символы. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.

Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері акцияға үн қосып жарықтандыруды өшіреді. Олардың ішінде Эйфель мұнарасы, Биг Бен және Колизей бар.

Қазақстан да «Жер сағаты» акциясына қатысып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, биыл үшінші жыл қатарынан еліміздің барлық өңірлері акцияға қосылды.

Акцияның ұйымдастырушылары: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің және«Mega silk way «СОО қолдауымен «Тұрақты даму» жер қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.

263

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *