• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«3.2.1. Старт!» жобасы — жаңа мүмкіндіктер алаңы

Автор:Greenworld.kz

Апр 28, 2022

«3.2.1.Старт!» жобасының финалы: нәтижелері, жеңімпаздар, жаңа мүмкіндіктер

27-сәуір, 2022 ж. — «3.2.1.Старт!» атты жастар бастамаларын қолдауға арналған республикалық байқаудың VII маусымының финалы аяқталды. «3.2.1.Старт!» жобасы – Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясының (бұдан әрі — CCI Қазақстан) жеке бастамасы. Оның басты мақсаты – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға дайын белсенді жастар қоғамдастығын құру.

«3.2.1.Старт!» жобасы 2016 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Биылғы маусымда ұйымдастырушылар 300-ге жуық өтінім қабылдап, оларды өңдеп үлгерді. Бұл – абсолютті рекорд. Айта кету керек, биылғы маусымда жалпы грант сомасы 5 000 000 теңгені құрады. Оны конкурстық комиссия ең үздік идеялар авторлары арасында үлестіріп берді, атап айтқанда:

·        Серіков Жансүгір – «Гидропондық әдіспен қияр өсіру» жобасы – 1 500 000.

·        Мұхтасипов Аян – «Аймақтарда қазақ тілінде заманауи биден онлайн курстар өткізу» жобасы – 1 500 000 теңге.

·        Түбекбаев Жанарыс – «Қаржылық сауаттылықты дамыту платформасы» жобасы – 1 000 000 теңге.

·        Аринова Сәния – «Қыздар мен әйелдерге арналған көп рет қолданылатын матадан жасалған экологиялық таза төсемелер шығару» жобасы – 1 000 000 теңге.

Байқауға қатысушылар қаржылық қолдауға қоса бірегей оқу бағдарламасынан өтеді. Онда өз саласында үлкен тәжірибесі бар маман болып табылатын жоба тәлімгерлері өздерінің практикалық ұсыныстарымен бөліседі. Ал үздік 10 идеяның авторларына бірегей «Bootcamp» оқыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілді. «Bootcamp» – инновациялық қарқынды оқыту бағдарламасы. Оның арқасында жаңа дағдыларды айлап емес, бірнеше күнде үйренуге болады! Бағдарлама қатысушылары сабақтың алғашқы секундтарынан бастап оқу процесіне еніп, дивергентті түрде ойлауды үйренеді. Осы оқу бағдарламасы барысында алған білім мен дағдылары «3.2.1.Старт!» финалистеріне өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыру үшін ғана емес, одан әрі жекелей даму және кәсіби өсу үшін де өте пайдалы.

201

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *