• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Кәсіпкер қалай алаяқ атанды?

Автор:Greenworld.kz

Апр 4, 2022


Өз кәсібін дөңгелетіп отырған Бектас ойламаған жерден алаяқ атанды. Мал сойып сатумен айналысып жүрген жігіт бірнеше бас малының ауру екенін білмеген. СЭС мамандары базарға әкелінген мал етінінен «бруцеллез» ауруының белгісін анықтайды.

  • Бар кілтипан осы жерден басталды. Бұған дейін қарызға алған сиырларым бар болатын. Сөйтіп адамдарға қарызым 6 млн теңгеге жетті. «Алаяқтық» бабы бойынша пробациялық тіркеуге алындым. Көп ұзамай 6 жылға сотталдым. Қарыз болғаным рас. Кінәмді толық мойындаймын. Бұл мен үшін үлкен сынақ болды. Мұндағы өмір әр іс-әрекетің үшін «жеті рет өлшеп бір рет пішудің» маңызды екенін ұқтырды. Қылмыс әлемінде абайсызда қиындыққа шырмалған жақсы адамдардың бар екенін көріп отырмын. Айналасына зұлымдық ойламаса жүре алмайтын ұрда-жықтармен дәмдес боламын деп ойладым ба? Енді қалған 5 ай мерзімімді жақсы аяқтап, бостандыққа шықсам екен. Қазіргі басты тілегім осы, — деді Бектас.
    Ақтөбе облысының тумасы жаза мерзімін өтеу үшін Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесіне қамауға алынған болатын. Кейіннен Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесіне ауыстырылды.
  • Бектас кейбір сотталғандар сияқты өзін депрессияға түсірген жоқ. Әр қиындықтың артында жақсылықтың бар екеніне сенеді. Оның үстіне үйдегі жары мен 2 баласы өзіне деген сенімін арттырып отырды. Таксафонмен әр сөйлескен сайын ерекше жақсы көретіндерін үнемі айтып келеді. Тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы, — деді ЗК-169/5 мекемесінің психолог маманы Айдос Жүсіпбеков.

Абайызда алаяқ атанған Бектас бостандықтағы өмірін жоспарлап, бұдан былай жаза баспауға ант етіп отыр.

ЗК-169/5 мекемесінің баспасөз қызметі

263

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *