Жас жауынгерлерге арналған оқу-жаттығу шарасы өтті. Онда ЗК-169/5 мекемесіндегі режим бөлімінің бастығы әділет майоры Алмат Әлназаров пен 55/47 әскери бөлімінің жеке атқыштар рота командирі капитан Бауржан Ақшалов және бақылаушылар взвод командирі Батырлан Тахаев сарбаздарға қару-жарақты қолдану тәртібін түсіндірді.
— Бүгінде ҚР ІІМ қарасты Ұлттық Ұлан әскеріне қоғамдық тыныштықты сақтау, маңызды мемлекеттік нысандарды, соның ішінде түзеу мекемелерін күзету мен қорғау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар міндеттер жүктелген. Жауынгерлік жаттығу – әскер құрамының әзірлігі мен қуатын айқындайды. Сонымен қатар сарбаздардың біліктілігін, ептілігін, дәлдігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, сарбаздар қашан да және қандай жағдайда болсын қарсыласқа тойтарыс беруге тас-түйін дайын болуға тиіс. Шара барысында әскерге алынған бозбалалларға өздері қолданатын қару-жарақ түрі таныстырылып, оны қалай қолдану керектігі мен мақсаты түсіндірілді,-деді режим бөлімінің бастығы әділет майоры Алмат Әлназаров.
Оқу-жаттығу соңында аға буын өкілдері жас жауынгерлерге сәттілік тілеп тарасты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
