• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Сотталғандарға кино терапиясы өткізілді

Автор:Greenworld.kz

Апр 8, 2022

ЗК-169/5 мекемесінде психологтардың ұйымдастыруымен деструктивті діни ағымды ұстанушы сотталғандар арасында Абдолла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильмімен кино терапиясы өткізілді.

Көрсетілім барысында жазасын өтеушілер өздерінің мектеп табалдырығынан алғаш аттаған уақыттағы қызықты жайттарымен бөлісіп, кино жанрындағы жас әрі алғыр бала Алпамыстың сабақ оқуға ынтасы ерекше екендігі жөнінде талқылады.
— Мектеп табалдырығын аттаған шақ адамның ең бақытты, алғаусыз уақыты ғой. Сол кездерді ойға түсірдік. Әркім өзінің балалық кездегі образдарын көрсетіп берді. Бір сәт бәріміз балалық шаққа саяхат жасағандай болдық, — деді сотталған. 

Сотталғандар өткізілген іс-шарадан жақсы әсер алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.

ЗК-169/5 мекемесі

340

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *