• 21/09/2021

Әлем — ортақ

Апатты су қоймалары жөнделеді

GREENWORLD.KZ

Қазақстанда өзен ағысының төмендеуі мен су тұтынудың өсуіне байланысты орта және ұзақ мерзімді кезеңде сумен қамтамасыз етудің төмендеуі болжануда. Бұл ретте каналдар мен суару жүйелерінің қатты тозуы себебінен тасымалдау кезінде көп су жоғалады. Бұл туралы бүгін республика тұрғындарымен өткен есептік кездесуде экология министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады, — деп мәлімдейді министрліктің баспасөз қызметі.

Ол ауыл шаруашылығында шығын 50%-ға дейін жететінін атап өтті. Сондай-ақ судың 40%-ы Қазақстанға Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келетінін де ескеру қажет.

Мағзұм Мырзағалиев биылғы жылы су аздығы жағдайын жақсарту үшін, әсіресе елдің оңтүстігінде, министрлік Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен жазғы кезеңде суармалы суды қосымша ағызу және өткізу бойынша келісімдерге қол жеткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ақпан айында барлық өңірлер мен әкімдіктерге суды көп қажет ететін дақылдарды азайту ұсынысы арқылы судың төмен жағдайында вегетациялық кезеңге дайындық туралы ескертілді.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының суармалы жер көлемін қазіргі 1,6 млн гектардан 2030 жылға дейін 3 млн гектарға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін өткен жылы 813 км канал жөнделіп, 53,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Биылғы жылы суармалы жерлердің көлемі 78 мың гектарға, ал 2025 жылға дейін 2,2 млн.гектарға дейін ұлғаяды, сондай-ақ 5 жыл ішінде 4,5 мың км-ден астам арналарды қайта жаңартуды жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 41 апатты су қоймасын қалпына келтіру қарастырылған, оның 12-сі пайдалануға берілді, тағы 8-і биыл, қалғандары 2025 жылға дейін аяқталады. Сондай-ақ, 9 өңірде 39 жаңа су қоймасының, оның ішінде биыл Түркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы жоспарланған.

Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ұзындығы 12 км «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Су суару нормаларынан 45% артық жұмсалатыны анықталды. Биыл министрлік 16 арнаны цифрландырады, ал таяудағы 5 жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын 119 арнаны цифрландыратын болады.

Ауыз суды елді мекендерге жеткізу бөлігінде 2020 жылы топтық су құбырлары құрылысының 14 жобасы іске асырылды, оның 3-і аяқталды, ал биыл ұзындығы 845 км 8 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Министрлік сондай-ақ жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

636

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *