• 27/03/2023

Әлем — ортақ

«Жасыл кеңсе» конкурсына қатысуға арналған тренинг өтті

Автор:Greenworld.kz

Июн 16, 2021

GREENWORLD.KZ

Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған 8шінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсына қатысуға арналған тренинг өтті, — деп хабарлайды «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің ғылыми білім беру орталығында (Амангелді 66, 3 қабат 304 аудитория) Қызылорда қаласының өкілдеріне «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу бойынша тренинг өтті.

Ұйымдастырушылар: Қызылорда облысы әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ жобалар Кеңсесінің қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ.

Тренингте екі жылда өткен байқаудың қорытындылары, сондай-ақ «Жасыл кеңсені» іске асыру принциптері және үшінші республикалық байқауға қатысу шарттары ұсынылды. Сонымен қатар, қоқысты қайта өңдеу бойынша ақпарат айтылды.
Тренингке мемлекеттік ұйым,  экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті оқу орындарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.
«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 15 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10 номинация бойынша республикалық конкурс өткізуде. Оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.
 

Конкурсқа қатысу шарттары www.greenofficekaz.org сайтында,    https://www.facebook.com/greenofficekz/ фейсбук желілерінде көрсетілген.
«Жасыл кеңсе», әдетте, барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады.
Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.
          Байқаудың нәтижелері 2021 жылдың қазан айында жарияланып, қатысушылар сертификаттарымен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

378

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *