• 18/05/2021

Әлем — ортақ

Ауа ластануының жоғары деңгейі тіркелді

GREENWORLD.KZ

Бүгінгі күні Экологиялық кодексті іске асыру шеңберінде өкім жобасы әзірленді. Өкім бойынша 156 нормативтік құқықтық актіні қабылдау көзделген. Қабылдау мерзімі 2021 жылдың 1 маусымына дейін.  Атмосфералық ауаның сапасы туралы айта келе А.Пірімқұлов елімізде ластанудың жоғары деңгейі Теміртау, Нұр-Cұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында байқалып отырғанын айтты.

2020 жылы Талдықорған қаласындағы ауа ластанудың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне өтті. Ақтау және Тараз қалаларында 2020 жылы атмосфералық ауаның жай-күйі 2019 жылмен салыстырғанда жақсарғаны байқалады.

Атмосфералық ауаға талдау 2020 жылы 45 елді мекенде 140 бақылау бекетінде жүргізілді.

«Атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін кеңейту мақсатында Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал және Екібастұз қалаларының LED-экрандарында атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік беретін AirKZ мобильді қосымшасының мәліметтері орналастырылады, қалған қалалар бойынша жұмыс жалғасуда», — деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А. Пірімқұлов.

38

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *