• 21/06/2021

Әлем — ортақ

ҮШ АЙДА 5500 АДАМ КӨШТІ

Автор:Nurbike Qazi

Май 17, 2021

GREENWORLD.KZ

Қазақстанда осы үш айда елден көшіп кеткендердің саны 5500ге жеткен, ал тұрақты тұру үшін көшіп келгендер саны 2 мың адамды құрады. Бұл жайлы ақпарат NUR.KZ сайтында жарияланған.

Көші-қон органдарына сілтеме жасаған Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәлімдемесі бойынша, 2021 жылы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға 2066 адам көшіп келсе, 5519 адам елден көшкен. Көші-қонның айырымы -3453 адамды құраған.

Ведомстводан берілген ақпараттарға сүйенсек, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы үлесі 83,1% — 82,0% құрады. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерге сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындардың саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).

Ақерке Көктеубай,

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы,

№4 Жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы

48

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *