GREENWORLD.KZ
«Tesla» және «SpaceX» компанияларының негізін қалаушы Илон Маск американдық «NBC» арнасында «Saturday Night Live» (SNL) әзіл-сықақ бағдарламасында қонақ ретінде сөз сөйледі. Әңгіме барысында ол өзінің ауру екенін мойындады. Бұл туралы «Bugin.kz» платформасы хабарлайды.
«Менің бүгінгі сөзім шынымен де тарихи, себебі мен SNL-дің жүргізушісі болған «Аспергер» синдромы бар және оны мойындаған алғашқы адаммын», — деді Илон Маск өз сөзінің басында. Сондай-ақ ол кейде «біртүрлі» жазбалар шығаратынын мойындады.
«Менің миым осылай ерекше жұмыс істейді», — деп түсіндірді Маск және ол сөздерімен ренжітуі мүмкін адамдардан кешірім сұрады. «Мен электромобильді ойлап таптым және адамдарды ғарыш кемесімен Марсқа ұшырып жүрмін. Мен тыныш әрі қарапайым адам емес шығармын?» — деді ол.
P.S «Аспергер» синдромы – психикалық дамудың бұзылуы. Бірақ сөйлеу және танымдық қабілеттер сақталады. Бұл синдроммен ауыратындар көбіне ебедейсіз болып келеді.
Аяжан Қожатай,
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Әңгірата ауылы,
Әңгірата орта мектебінің 11-сынып оқушысы
