• 26/03/2023

Әлем — ортақ

Сапалы медициналық қызмет бойынша облыстық семинар өтті

Автор:Greenworld.kz

Май 4, 2022
 Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Шиелі ауданаралық ауруханасының мәжіліс залында «Медициналық мекемелердегі ішкі бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті. 
Семинар «Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын түсіндіру, талдау және медицина ұйымдары арасында ішкі аудит қызметінің жұмысымен тәжірибе алмасу, сонымен қатар, алынған тәжірибелерді жұмыс барысында қолдану мақсатында ұйымдастырылған. 
 Көшпелі семинарға облыстың медицина ұйымдарының бас дәрігерлерінің пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
 Алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Бактиберлина Раушан Сейтқасымқызы «Медициналық мекемелердегі ішкі бақылауды ұйымдастырудағы өзекті мәселелері» тақырыбына тоқталды.
 Одан соң көпбейінді облыстық аурухана бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Лаззат Крымова, №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Аягөз Утебаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Гүлнар Кенжебаева ішкі бақылауды жүргізу тәртібі бойынша баяндама жасаса, Шиелі ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Гүлмира Құрбанғалиева аудит дәрігерлермен тәжірибе алмасты. 
 Жиын соңында семинарға қатысушы мамандар алдағы уақытта да медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. 
747

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *