• 26/03/2023

Әлем — ортақ

«Көше ақыны» күміс жүлдеге ие болды

Автор:Greenworld.kz

Фев 25, 2022

Режиссер Самғар Рақым түсірген  «Көше ақыны» қысқаметражды фильмі Нью-Йорктегі Meihodo International Youth Visual Media Festival халықаралық кинофестивалінде «Музыкалық бейне» номинациясында күміс жүлдеге ие болды.  

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Фильмнің сценарий негізінде әке мен бала арасындағы қарым қатынасы тақырыбы жатыр.

Осымен 4-ші рет өткізіліп жатқан «Meihodo» халықаралық визуалды медиа кинофестивалі жас киногерлерге, сонымен қатар кино өнеріне жаңадан қадам басқан жастарға арналған. Бұл әлемдегі қысқаметражды фильмдерге арналған  ең ірі байқаулардың бірі.

Биыл фестивальдің қазылар алқасын атақты француз актрисасы, «Оскар» сыйлығының иегері Жюльет Бинош басқарды. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамына екі дүркін «Оскар» иегері, әйгілі американдық актер Майкл Дуглас кірді.    

Естеріңізге сала кетсек, «Көше ақыны» фильмі өткен жылы «Baiqonyr International Short Film Festival» фестивалінде «Үздік монтаж» жүлдесімен марапатталған болатын.

222

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *